2 күн бұрын
Қазақстандық дзюдошы қола үшін күреседі
Қазақстандық дзюдошы Аман Бақытжан Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліс тапты.
Отандасымыз Бахрейн өкілі Руслан Полторацкиймен өткен белдесуде тартысты күрес көрсетті. Негізгі уақыт тең аяқталып, кездесу қосымша уақытқа – golden score кезеңіне ұласты. Екі спортшы да екі реттен «шидо» ескертуін алған.
Шешуші сәтте Бақытжан шабуыл жасауға тырысқанымен, бұл әрекет ереже бұзушылық ретінде бағаланып, оған «хан-соку» дисквалификациясы берілді. Нәтижесінде жеңіс қарсыласына бұйырды.
Осылайша, Аман Бақытжан финалға өте алмады және енді қола медаль үшін күреседі. Оның қарсыласы Моңғолия спортшысы Түмэнжаргал Тувшинтөр болмақ.
Айта кетейік, Аман Бақытжан – халықаралық турнирлердің жүлдегері. Ол Париж бен Астанада өткен Grand Slam кезеңдерінде, сондай-ақ Универсиада мен European Open жарыстарында табысты өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан