Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстан дзюдошысы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстан дзюдошысы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында финалға жолдама алды.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол жартылай финалда тәжікстандық Беҳрузи Ходжазаданы жеңіп, шешуші кезеңге өтті. Финалда Әділет Алмат тағы бір тәжік балуаны Сомон Махмадбековпен кездеседі.

Осы салмақта Абылайхан Жұбаназар жұбаныш белдесуінде ОАЭ спортшысы Нугзари Таталашвилиді жеңіп, қола медаль үшін күресті жалғастырады. Оның қарсыласы — ОАЭ өкілі Гаджимурад Омаров.

Сондай-ақ 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигуль Куюлова қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды. Ол жартылай финалда Солтүстік Корея спортшысы Джи Хье Кимге есе жіберген. Қола үшін оның қарсыласы Тайбэй балуаны Пэй Сунь Юань болады.

Ал 57 келіге дейінгі салмақта Дана Әбдірова жұбаныш кезеңінде Өзбекстан өкілі Шукуржон Аминовадан жеңіліп, турнирді 7-орынмен аяқтады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан