23 сағат бұрын
Әділет Алмат Азия чемпионатының финалында сенсация жасады
Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында Азия чемпионатының екінші күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz
81 келідегі Әділет Алмат финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен (Тәжікстан) белдесті. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп кетті.
Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы Данияр Шамшаев Астанада өткен сары құрлықтың додасында топ жарған еді.
Жарыстағы жолы:
1/8 финал. Шыңғысхан Сағыналиев (Қырғызстан)
1/4 финал. Абылайхан Жұбаназар (Қазақстан)
1/2 финал. Бехрузи Хожазода (Тәжікстан)
Әділет Алматтың бұл Азия чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атағына да қол жеткізген болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов