Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Азия чемпионы Әділет Алмат өз белдесуіне бағасын берді

Азия чемпионы Әділет Алмат өз белдесуіне бағасын берді

Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 81 келідегі Әділет Алмат жеңісіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz

«Ересектер арасында алғаш рет Азия чемпионатына қатысып жатырмын. Сондықтан әрбір қарсыласпен белдесу оңайға түспеді. Жеңіске жеткенімнің басты арқасы - оқу-жаттығу жиынындағы нәтижелі жаттығу мен бапкерлерімнің кеңесі деп білемін. Сары құрлық додасы менің мансабымдағы ірі жетістік ретінде саналғанымен, бұнымен тоқтап қалмаймын деген сенімдемін. Алда Азия ойындары және 2027 жылы Астанада өтетін әлем чемпионаты бар», - деді Әділет Алмат.

Айта кетейік, 81 келідегі күрескен отандасымыз финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековты жеңіп кеткен болатын.

Бұған дейін 2022 жылы Данияр Шамшаев Астанада өткен сары құрлықтың додасында топ жарған еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан