Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Дзюдодан Азия чемпионатында 17 сәуірде Қазақстан құрамасы үш жүлде алды

Дзюдодан Азия чемпионатында 17 сәуірде Қазақстан құрамасы үш жүлде алды

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қытайда өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасы үш жүлде иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ел қоржынына алтын медальді 81 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Алмат Әділет салды. Финалда отандасымыз Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, тәжікстандық Сомон Махмадбековті жеңіп, Азия чемпионы атанды. Бұл – оның ересектер арасындағы Азия чемпионаттарындағы алғашқы алтын жүлдесі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы құрлықтық доданың алтын жүлдесіне араға төрт жыл салып қол жеткізіп отыр. Бұған дейін 2022 жылы Астанада өткен Азия біріншілігінде Данияр Шамшаев (73 кг) топ жарған болатын.

Қола медальді 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова иеленді. Жұбаныш белдесуінде ол Тайбэй өкілі Ян Пей-Чунды жеңді.

Тағы бір қола жүлдені 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар жеңіп алды. Ол үшінші орын үшін белдесуде БАӘ спортшысы Гаджимурад Омаровтан басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінің кезекті жарыс күнін бір алтын және екі қола медальмен аяқтады.

Азия чемпионаты 19 сәуірге дейін жалғасады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан