2 сағат бұрын
Азия чемпионатында төрт қазақстандық жүлдеге таласады
Қазақстан құрамасының төрт өкілі Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алып, қола медаль үшін татамиге шығады.
Жүлде үшін Айдар Арапов (90 кг дейін), Нұрлыхан Шархан (100 кг дейін), Аруна Жангельдина (78 кг дейін) және Аида Тойшыбекова (78 кг жоғары) күреседі.
Нұрлыхан Шархан жартылай финалға дейін жеткенімен, Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Джафар Костоевтен жеңіліп қалды. Қалған спортшылар жұбаныш белдесулерінде сәтті өнер көрсетті: Арапов Тайбэй спортшысы Пэн-Юй Чэньді, Жангельдина Шу Хуэй Ванды, ал Тойшыбекова тәжікстандық Виктория Киселеваны жеңді.
Сондай-ақ, Марат Байқамұров (100 кг дейін) жұбаныш кезеңінде қытайлық Фучунь Хуанға есе жіберіп, жарысты жетінші орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан