18.04.2026
Арапов Азия чемпионатында үздік үштікке енді
Қазақстандық дзюдошы Айдар Арапов Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль иеленді.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші белдесуде Арапов қырғызстандық Эрлан Шеровты жеңді. Кездесу тартысты өтіп, негізгі уақытта жеңімпаз анықталмаған соң, белдесу «golden score»-ға ұласты.
Қосымша уақытта қарсыластар сақ әрекет етті. Осы сәтте Шеровтың еншісінде екі «шидо», ал Араповта бір ескерту болды. Үшінші минутта қазақстандық спортшы қарсы шабуыл ұйымдастырып, «юко» ұпайын еншіледі. Бұл нәтиже оған жеңіс пен қола жүлдені сыйлады.
Айта кетейік, Айдар Арапов бұған дейін де халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген спортшылардың бірі. Ол 2025 жылы Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлде жеңіп алса, 2024 жылы Aktau Asian Open турнирінде чемпион атанған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан