19.04.2026
Қазақстандық дзюдошылар жартылай финалда
Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының соңғы күнінде командалық жарыстар басталды.
Қазақстан құрамасы жартылай финалға шығу жолында алаң иелері — Қытай құрамасын 4:2 есебімен жеңді.
Құрама сапында Есет Қуанов, Аида Тойшыбекова, Дана Абдирова, Ажар Асхат, Айбол Нысанәлі және Ғалымжан Қырықбай өнер көрсетті.
Енді қазақстандық дзюдошылар финал жолдамасы үшін Корея мен БАӘ құрамалары арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан