Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

19.04.2026

Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатының алтыны үшін кімдермен күш сынасады?

Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатының алтыны үшін кімдермен күш сынасады?

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ордос қаласында (Қытай) өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында аралас командалық сайыста Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, финалға шығу үшін қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктері құрамасымен кездесті. 6-ға 6 форматында өткен командалық бәсеке 3:3 есебімен тең аяқталды. Жеребе қорытындысы бойынша шешуші белдесу 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Бұл кездесуде қазақстандық дзюдошы Мөлдір Нарынова жеңіс ұпайын алып, командасын финалға шығарды.

Қазақстан құрамасы сапында Бақыт Құсақбаева (-57 кг), Мөлдір Нарынова (-70 кг), Назгүл Маратова (+70 кг), Ануар Жұмагелдин (-73 кг), Айбол Нысанәлі (-90 кг), Марат Байкамуров (+90 кг) өнер көрсетті.

Енді Қазақстан ақтық сайыста Моңғолиямен күш сынасады.

Финалдық белдесу Астана уақытымен сағат 13:00-де өтеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан