18 сағат бұрын
Ирандағы жағдайға байланысты дзюдодан әлем чемпионатының орны ауыстырылды
21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты биыл Ташкент қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Бастапқыда турнир Амман қаласында 22–25 қазан аралығында өтуі тиіс болған. Алайда логистикадағы белгісіздік пен өңірдегі жалпы жағдайға байланысты жарысты көшіру туралы шешім қабылданды.
Енді дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлемдік турнирді Өзбекстан астанасы қабылдайды. Жаңа өткізу мерзімі: 19–22 қараша. Осылайша, Ташкент ресми түрде Амманның орнына әлем чемпионатын өткізетін қала болады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов