2 күн бұрын
Елдос Сметов қашан жарысқа қатысады?
Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев өзінің досы Елдос Сметовтың қазіргі жағдайын айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz
- «Елдос ота жасатқаннан кейін тыңғылықты дайындыққа кірісті. Жарақаты аса қатты ауыр емес. 10-15 күндей тынығу қажет болды. Жаз мезгілінің соңына қарай жарыстардан көруіміз ықтимал», - деді ол.
Айта кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасын жеңгеннен бері әлі ресми жарысқа қатыспады.
Ғұсман Қырғызбаев 8-10 мамыр аралығында Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде 66 келіде белдеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов