2 күн бұрын
Астанада дзюдодан ашық жаттығу өтті
Астанада 8-10 мамыр күндері өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі қарсаңында дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы ашық жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz
Жаттығу жиыны Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылып, оған әлемдік додада ел намысын қорғайтын спортшылар қатысты.
Қазіргі таңда Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына әлемнің 39 елінен 300-ден астам спортшы тіркелді. Бұл бәсекеде жүлдеден бөлек, 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына қажетті рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.
Айта кетейік, Астана қаласы беделді жарысты биыл төртінші мәрте қабылдайды. Турнир 8-10 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Дзюдо жанкүйерлері үшін кіру тегін.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов