Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

20 сағат бұрын

Елдос Сметов ұлттық құраманы қолдауға шақырды

Елдос Сметов ұлттық құраманы қолдауға шақырды

Фото: Қазақстан ҰОК

Рио-де-Жанейро және Токио Олимпиадасының жүлдегері, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жанкүйерлерді Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасына қолдау білдіруге шақырды, деп хабарлайды Sport12.kz.

- Әлемдік додада ел намысын қорғайтын дзюдошыларымызға жанкүйердің қолдауы ерекше күш береді. Келіңіз, ұлттық құрамаға бірге жанкүйер болайық, - деді ол.

Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық спортшылардың алдын ала тізімі жарияланды.

Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 8-10 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын балуандардың тізімі төмендегідей:

Ерлер

-60 кг: Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Сұңғат Нұрлатұлы

-66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов, Бауыржан Нарбаев

-73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин, Ерсұлтан Дүйсенхан, Ануар Жұмагелдин

-81 кг: Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла, Ерзат Арғынов

-90 кг: Айдар Арапов, Айбол Нысанәлі, Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев

-100 кг: Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан, Бақжан Байтас, Асқар Біржанов

+100 кг: Жантілек Нұртілепұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев

Әйелдер

-48 кг: Аяна Дүйсенбай, Диана Буркеева, Іңкәр Құралбай, Тасним Абдуәли

-52 кг: Меруерт Сәрсенова, Айшабибі Мұрадимова, Аружан Ережепова, Фатима Сұпығалиева

-57 кг: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева, Карина Қаракенова, Дина Мұханбет

-63 кг: Самалай Ерғалиева, Эсмигүл Куюлова, Дамеля Асылханова, Асылжан Орынбасарова

-70 кг: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова

-78 кг: Аруна Жангелдина, Шынар Абатова, Екатерина Токарева

+78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш, Назгүл Маратова.

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан