14 сағат бұрын
Дзюдодан Нұрәділ Алжан Тәжікстандағы Grand Slam турнирінде жүлде алды
Бүгін, 1 мамыр күні, Душанбе қаласында дзюдодан Grand Slam сериясындағы турнир басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Алғашқы күні финалдық кезеңге Қазақстан құрамасынан бір ғана спортшы жетті.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін белдесуде Нұрәділ Алжан өнер көрсетті.
Қазақстандық спортшы Ачыты Домбуу (Ресей) қарсыласын жеңіп, үшінші орынға ие болды.
Осылайша, біздің команданың қоржынында енді ірі халықаралық турнирдің бір медалі бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов