2 сағат бұрын
Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турниріне қандай танымал спортшылар келеді?
8–10 мамыр күндері Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 әлемдік рейтингтік турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Елімізде төртінші рет ұйымдастырылғалы отырған жарысқа дзюдо спортының майталмандары қатыспақ.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының татамиіне Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары және әлемдік рейтингтің көшбасшылары шығады.
Олардың қатарында Рафаэла Силва (Бразилия) – Рио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы, Фабио Базил (Италия) – Рио Олимпиадасының чемпионы, Барбара Матич (Хорватия) – Париж Олимпиадасының чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Инал Тасоев – үш дүркін әлем чемпионы, Grand Slam турнирлерінің он дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Ян Юн-Вэй (Тайбэй) – Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Уилльян Лима (Бразилия) – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, Мириам Буткерейт (Германия) – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан) – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Адиль Османов (Молдова) – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Джессика Климкейт (Канада) – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, Санне ван Дейке (Нидерланд) – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері, Катрин Бошмен-Пинар (Канада) – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Анна Монта Олек (Германия) – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Болд Ганхайч (Моңғолия) – әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ Кристиан Парлати (Италия) – әлем чемпионатының күміс жүлдегері бар.
IJF талаптарына сәйкес, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және Олимпиадалық рейтинг ұпайлары үлестіріледі. Атап айтқанда, бірінші орынға – 1000, екінші орынға – 700, үшінші орынға – 500 ұпай беріледі.
Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирінде спортшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік беретін маңызды ұпайлар жинайды.
Айта кетсек, Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) 2023 жылы қол қойған екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.
Ал 2027 жылы Астана дзюдодан әлем чемпионатын өткізеді. Бұл еліміздің ірі халықаралық жарыстарды тұрақты түрде қабылдап, әлемдік дзюдо картасындағы беделін нығайтып келе жатқанын айқындайды.
Қазақстан дзюдодан Grand Slam турнирін бір қола медальмен аяқтады
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов