1 күн бұрын
Елордада Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 басталды
Бүгін елордада дзюдодан әлемдік рейтингтік жарыс — Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирі басталды. Байрақты бәсеке 8–10 мамыр күндері аралығында өтеді және биыл Қазақстанда төртінші рет ұйымдастырылып отыр.
Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Турнирге 39 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары және рейтинг көшбасшылары бар.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес, жарыс жеңімпаздарына әлемдік рейтинг ұпайлары беріледі. Бұл ұпайлар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуда маңызды рөл атқарады.
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің Астанада тұрақты түрде өтуі еліміздің халықаралық спорттағы беделін арттырып, дзюдоның дамуына серпін беруде.
Айта кетейік, 2027 жылы Астана дзюдодан әлем чемпионатын қабылдайды.
Жанкүйерлер жарысты Qazaqstan, Qazsport телеарналарынан және Judo TV интернет-платформасынан көре алады. Кіру тегін.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан