2 сағат бұрын
Нұрқанат Серікбаев Астанадағы турнирде жартылай финалға шықты
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде ел құрамасынан Нұрқанат Серікбаев (66 келі) жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде дзюдо федерациясы мәлім етті.
Сондай-ақ ел құрамасынан Талғат Орынбасар, Ақылжан Жұбатқанов ( 66 келі) жартылай финалға шықса, Мағжан Шамшадин (60 келі) жұбаныш белдесуінде сынға түседі.
Байрақты бәсеке 8–10 мамыр күндері аралығында өтеді және биыл Қазақстанда төртінші рет ұйымдастырылып отыр.
Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Турнирге 39 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары және рейтинг көшбасшылары бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан