2 сағат бұрын
Мағжан Шамшадин Астанадағы турнирде қола жүлдеге таласады
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде ел құрамасынан Мағжан Шамшадин (60 келі) жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол жартылай финалда тағы бір отандасымыз Шерзод Давлатовпен кездеседі.
Байрақты бәсеке 8–10 мамыр күндері аралығында өтеді және биыл Қазақстанда төртінші рет ұйымдастырылып отыр.
Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Турнирге 39 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары және рейтинг көшбасшылары бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан