1 сағат бұрын
Нұрқанат Серікбаев Астанадағы турнирде қолаға таласады
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев (66 келі) Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Байрақты бәсеке 8–10 мамыр күндері аралығында өтеді және биыл Қазақстанда төртінші рет ұйымдастырылып отыр.
Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Турнирге 39 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары және рейтинг көшбасшылары бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан