18 сағат бұрын
Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam бәсекесін екі жүлдемен бастады
Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 60 келіге дейінгі салмақта табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz
Талғат Орынбасар екінші жыл қатарынан турнирдің финалына дейін жетіп, Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды. Жартылай финалда отандасымыз осы салмақтың басты фавориті, Токио Олимпиадасының жүлдегері Янг Юнг-Вэйді (Тайпей) жеңген болатын.
Осы салмақта қола жүлде үшін қазақстандық екі дзюдошы - Мағжан Шамшадин мен Шерзод Давлатов өзара күресуі керек еді. Алайда Мағжан Шамшадин жарақатына байланысты татамиге шыға алмады. Нәтижесінде қола медаль Шерзод Давлатовқа бұйырды.
Сондай-ақ, жарыстың бірінші күні 52 келідегі Меруерт Сәрсенова, 66 келіде Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов бесінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов