15 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы Grand Slam турнирінің жалпы есебінде қай орында тұр?
Астанада өткен дзюдодан «Үлкен дулыға» (Grand Slam) кезеңінің бірінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазіргі уақытта жүлде кестесінде ТОП-3 елдер төмендегідей:
- Франция: «алтын» — 2, «күміс» — 1, «қола» — 0.
- Моңғолия: «алтын» — 1, «күміс» — 1, «қола» — 1.
- Нидерланд: «алтын» — 1, «күміс» — 0, «қола» — 1.
- …
- Өзбекстан: «алтын» — 1, «күміс» — 0, «қола» — 1.
- …
- Қазақстан: «алтын» — 0, «күміс» — 1, «қола» — 1.
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында үйдегі «Үлкен дулыға» турнирінен екі медаль бар. Ерлер арасында 60 келіде Талғат Орынбасар күміс жүлдеге ие болса, Шерзод Давлатов қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 жарысы 8–10 мамыр аралығында Astana қаласында, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы кешенінде өтіп жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов