1 сағат бұрын
Grand Slam: қазақ дзюдошылары жартылай финалда кездеседі
Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының екі өкілі жартылай финалға жолдама алды.
78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Камилa Берліқаш жарыс жолында әуелі франциялық Лиони Минкада-Какиноны жеңсе, кейін ширек финалда бразилиялық Джованна Сантостан басым түсті.
Ал алғашқы белдесуінде моңғолиялық Яргалмаа Энхмендті жеңіп, ширек финалда италиялық Эрика Симонеттиден айласын асырды.
Осылайша, қазақстандық жанкүйерлерді жартылай финалда отандық текетірес күтіп тұр. Берліқаш пен Тойшыбекова финал жолдамасы үшін өзара белдеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан