6 күн бұрын
Елдос Сметов татамиге кайта оралды
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Париж Олимпиадасындағы тарихи жеңістен кейін алғаш рет татамиге оралды.
Атақты дзюдошының оралуы Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде өтті. Алайда көпшіліктің назарын аударған басты сәт — Сметовтің қарсыласы болды.
Олимпиада чемпионының қарсыласы өз ұлы Омар Сметов болып шықты. Әке мен бала арасындағы әзіл-қалжыңға толы белдесуде жеңіс жас дзюдошыға бұйырды.
Осылайша, Елдос Сметов Олимпиададан кейінгі алғашқы «жеңілісін» өз ұлынан қабылдады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан