3 сағат бұрын
Ұландық спортшы Grand Slam 2026 турнирінің жеңімпазы атанды
Астанада дзюдодан ірі халықаралық турнир — Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 өтті. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында әлемнің 36 елінен келген 700-ге жуық спортшы татамиге шықты. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары және рейтинг көшбасшылары болды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінде қызмет ететін қатардағы жауынгер Жалғас Қайролла жарыста жоғары нәтиже көрсетті.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ұландық спортшы барлық қарсыласын жеңіп, турнирдің алтын медалін иеленді.
Айта кетейік, Жалғас Қайролла — дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол Абай облысы, Семей қаласының тумасы және 2025 жылы әскери қызметке шақырылған.
Бұл жеңіс қазақстандық дзюдо мектебінің жоғары деңгейін және Ұлттық ұлан спортшыларының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан