Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 күн бұрын

81 келі қазақтың жаңа салмағы ма? Абылайхан Жұбаназар ішкі бәсекелестік жайлы айтты

81 келі қазақтың жаңа салмағы ма? Абылайхан Жұбаназар ішкі бәсекелестік жайлы айтты

ҚР ҰОК

Дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері Абылайхан Жұбаназар Астанада өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі, ұлттық құрамадағы ішкі бәсекелестік және алдағы жарыстар туралы пікір білдірді. Спортшының айтуынша, қазіргі таңда 81 келі салмақта Қазақстан құрамасының деңгейі айтарлықтай өскен.

Естеріңізде болса, 20 сәуірде Қытайдың Ордос қаласында өткен сары құрлық біріншілігінде дәл осы салмақта Абылайханнан бөлек Әділет Алмат та бақ сынап, чемпион атанған еді. Ал елорда төріндегі Үлкен дулығада Жалғас Қайролла үздік шықты.

Абылайхан бұл жолы турнирге қатыспау туралы шешімнің алдын ала жоспарланғанын айтты. Оның сөзінше, ұлттық құрама соңғы уақытта бірнеше жарысқа қатар қатысқандықтан, бапкерлер штабы кей спортшыларға демалыс берген.

«Бұл жарысқа қатыспадық. Өйткені оған дейін қатарынан үш турнирге шықтық. Сондықтан осы жолы жіберуге тура келді. Қазір жаттығу, дайындық жұмыстары өз ретімен жүріп жатыр. Барлығы ойдағыдай», – деді ол.

Спортшы Астанадағы Grand Slam турнирінің ұйымдастырылу деңгейіне де жоғары баға берді. Әсіресе жанкүйерлердің қолдауы ерекше әсер қалдырғанын айтты.

«Көптеген Grand Slam жарыстарына қатыстық. Бірақ өз еліңде өткен турнирдің орны бөлек болады екен. Атмосфера өте керемет. Жанкүйерлер қатты қолдап жатыр. Жарыстың аурасы мықты. Мұндай қолдау спортшыларға ерекше мотивация береді», – деді Жұбаназар.

Оның айтуынша, Қазақстанда дзюдоға қызығушылық жылдан-жылға артып келеді.

«Жанкүйерлер бұдан да көп болып, дзюдоға қызығушылық одан әрі өссе, тіпті керемет болар еді», – деді спортшы.

Соңғы уақытта 81 келі салмақта қазақстандық дзюдошылардың нәтижесі жақсарып келеді. Бұл туралы да сөз қозғаған Абылайхан ішкі бәсекелестіктің пайдасы зор екенін жеткізді.

«Бәсекелестік бар жерде өсу болады. Қазір біздің салмақта балалар жақсы күресіп, өздерін көрсетіп жүр. Бұл – олардың еңбегінің нәтижесі. Кейбір жігіттер жүлдеге ілінбей қалып жатса да, олардың еңбегін жақсы білеміз. Күн-түн демей дайындалып жүргенін көріп жүрміз», – деді ол.

Спортшының сөзінше, ұлттық құрама ішінде бақталастық болғанымен, спортшылар бір-бірімен өте жақсы араласады.

«Біз жарыстарға бірге барамыз, бірге дайындаламыз. Бір-бірімізге көмектесеміз, қарсыластарды талдаймыз. Арамызда ешқандай араздық жоқ. Барлығымыз аға-бауырдай болып кеткенбіз», – деді Абылайхан.

Алдағы жоспарларына тоқталған дзюдошы жақын уақытта Моңғолия немесе Қытайда өтетін халықаралық турнирлердің біріне қатысуы мүмкін екенін айтты.

«Әзірге нақты шешім толық айтылған жоқ. Алда Моңғолияда және Қытайда жарыстар бар. Солардың біріне қатысатын шығармыз. Кейінгі жарыстар содан кейін белгілі болады», – деді спортшы.

Абылайхан Жұбаназар Азия ойындарына қатысу мәселесі әзірге ашық екенін де атап өтті. Оның айтуынша, ұлттық құрамада бәрі әділ шешіледі.

«Қазір ешқандай нақты шешім жоқ. Кім өзін жақсы көрсетеді, кім мықты болады – сол барады. Барлығы әділ түрде шешіледі», – деп түйіндеді дзюдошы.

Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан