6 сағат бұрын
Қазақстан дзюдошысы Испанияда алтын жеңіп алды
Испанияның Бенидорм қаласында өткен дзюдодан European Open халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы бір алтын медаль иеленді.
66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрмұхамет Ботабай жарыстың чемпионы атанды. Қазақстандық дзюдошы финалда америкалық Ари Берлинерді жеңіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Сондай-ақ, Галия Тынбаева (48 кг), Ақжігіт Насыр (66 кг) және Дастан Шаяхметов (73 кг) жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан