2 күн бұрын
European Open: Қазақстан құрамасы толық тізімін жариялады
Қазақстанның дзюдо құрамасы Эстонияның Таллин қаласында өтетін European Open сериясындағы халықаралық турнирге қатысады.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, жарысқа Қазақстан атынан 8 спортшы қатысады.
Ерлер арасында:
60 кг дейін – Даурен Сюкенов, Мағжан Алжанов
66 кг дейін – Табылды Биғамбаев
73 кг дейін – Ернар Кенесқан, Шахнияз Ағыбаев, Ардақ Сериялы
81 кг дейін – Оразгелді Уралов
Әйелдер арасында:
48 кг дейін – Сымбат Тағай
Айта кетейік, турнир 6–7 маусым күндері Таллин қаласында өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан