2 күн бұрын
Елімізде оқу орындарында дзюдо бағдарламасы енгізіледі
Қазақстанда дзюдо спортын жоғары және орта білім беру жүйесіне енгізу жоспарланып отыр.
Бұл жөнінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер меморандумға қол қойды.
Келісім аясында дзюдоны оқу орындарының білім беру жүйесіне кезең-кезеңімен енгізу, студенттік жарыстар өткізу, лига құру және спорттық инфрақұрылымды дамыту көзделген.
Жобаның операторы ретінде Jenys International Sports Foundation қоры белгіленді. Қор бағдарламаны қаржыландыру және іске асыру жұмыстарын үйлестіреді.
Сонымен қатар оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, татами, спорттық құрал-жабдықтар және қажетті киіммен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан