1 күн бұрын
Қарағандылық дзюдошы турнирде автокөлік ұтып алды
Қарағандылық дзюдошы Дастан Жұмажанов Асқар Шайхиевті еске алуға арналған республикалық турнирдің басты жеңімпазы атанып, жаңа автокөліктің иегері болды.
Қазақстанда ерлер мен әйелдер арасында өткен дәстүрлі дзюдо турнирі ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы және Әлем кубогының иегері Асқар Шайхиевтің құрметіне арналды. Жарысқа еліміздің түрлі өңірлерінен және шетелден келген спортшылар қатысты.
Биылғы турнирдің басты ерекшелігі — чемпиондар арасында көлік ұтысының ойнатылуы болды. Белгілі балуанның демеушілері, достары мен туыстары бас жүлде ретінде Chery Tiggo кроссоверін тіккен.
Нәтижесінде автокөлік қарағандылық спортшы Дастан Жұмажановқа бұйырды.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жеңімпазға көлік кілтін табыстап, спорттық мансабына сәттілік тіледі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан