Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Олимпиада чемпионы болу үшін шын мықтының барғаны дұрыс — Елдос Сметов

Олимпиада чемпионы болу үшін шын мықтының барғаны дұрыс — Елдос Сметов

Фото:ҰОК/Елдос Сметов

Дзюдодан Олимпиада чемпионы, даңқты спортшы Елдос Сметов 60 келідегі бәсекелестік туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, алдағы уақытта кім өзінің мықтылығын дәлелдесе, Олимпиадаға сол спортшы баруы керек. Сондай-ақ ол әрдайым бауырларын қолдайтынын және олар үшін жанкүйер екенін атап өтті.

“Спортта, татамиде кім мықты — сол өзін дәлелдеп шығуы керек. Ертең Олимпиада чемпионы болу үшін де шын мықты спортшы барғаны дұрыс. Менде «міндетті түрде мен барамын, мен күресемін» деген ой жоқ. Мен Олимпиада чемпионы атандым. Бірінші орынды да, екінші және үшінші орындарды да алдым. Мұның бәрі — еңбек пен маңдай тердің арқасы деп ойлаймын.
Егер бауырларымыз әлемдік “Гранд-Сламдарда”, әлем чемпионаттарында топ жарып, өздерін дәлелдеп жатса — мен оларды әрқашан қолдаймын. Күресіп жүрген әр спортшыны өз туған інімдей, өз бауырымдай көремін. Олардың жеңісіне шын қуана аламын.
Екіншіден, Олимпиадаға нақты мен барамын деген нәрсе жоқ. Мен Олимпиада чемпионы болсам да, кім дайын, кім мықты — сол баруы керек. Өйткені бұл жерде атақ пен абырой күреспейді. Бұл жерде қазақтың намысы күреседі. Бұл — қазақтың мықтылығы мен тектілігін көрсететін үлкен орта. Сондықтан Олимпиада — атақ-абыроймен баратын жер емес”, — деді Елдос Сметов.

Айта кетейік, дзюдодан 60 келі қазақтың төл салмағы атанып кеткен. Себебі бұл салмақта кіл мықтылар белдесіп келеді. Солардың бірі — Елдос Сметов. Ол 2024 жылы Париж Олимпиадасында топ жарып, Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

Сондай-ақ спортшы ұзақ үзілістен кейін Қытайда өтетін Гран-при турнирінде ел намысын қорғамақ.

Авторы:Ақерке Өмірхан


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан