Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Астанада дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді

Астанада дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді

Фото:IJF

2027 жылы Астанада дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, айтулы жарыс 7-14 маусым аралығында ұйымдастырылады.

Әлем біріншілігінің бағдарламасына жеке және командалық сайыстар енгізілген.

Бұл турнир 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының алдындағы ең маңызды халықаралық жарыстардың бірі. Сондықтан Астанаға әлемнің ең үздік дзюдошылары жиналады деп күтілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан төрт жыл қатарынан дзюдодан “Гранд Слэм" турнирін қабылдаған еді. Енді отандық жанкүйерлер әлем чемпионатында ұлттық құрама спортшыларына өз жерінде қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болып отыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан