Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Елдос Сметов Азия ойындарына қатыса ма? — Министр жауап берді

Елдос Сметов Азия ойындарына қатыса ма? — Министр жауап берді

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Жапонияда өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғауы мүмкін.

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Сметов қазіргі таңда белсенді түрде жаттығып, өз бабына келу жолында жұмыс істеп жатыр.

«Елдос қарқынды дайындық жүргізуде және оңтайлы спорттық формасына жақындап келеді. Егер ол Grand Slam және Grand Prix жарыстарында сәтті өнер көрсетсе, Азия ойындарына баратын ұлттық құраманың қатарына қосылуға мүмкіндігі бар», - деді министр.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасында 60 келіде бәсекелестік жоғары. Сондықтан Жапонияда өтетін құрлық додасында Қазақстан атынан кімнің сынға түсетіні алдағы халықаралық жарыстардың нәтижесіне байланысты болмақ.

Ал Елдос Сметов 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан бері әлі ешқандай ресми жарыстарға шыққан жоқ.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан