3 күн бұрын
Елдос Сметов жоқ: Ұлан-Батырдағы “Гранд-Слэм” турниріне қатысатын дзюдошылар белгілі болды
Фото:ҰОК
19-21 маусым аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда Grand Slam турнирі өтеді.
Байрақты бәсекеде әлемнің 50-ден астам елінен келген үздік дзюдошылар татамиге шығып, рейтингтік ұпайлар мен жүлделерді сарапқа салады.
Қазақстан құрамасынан бұл жарысқа 20 дзюдошы қатысады.
Ерлер:
60 кг – Аман Бақытжан, Мағжан Шамшадин
66 кг – Нұрқанат Серікбаев, Ақжігіт Насыр
73 кг – Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
81 кг – Жалғас Қайролла, Асқар Нарқұлов
90 кг – Нұржан Бисенов, Айбол Нысаналы
100 кг – Марат Байқамұров
Әйелдер:
48 кг – Ғалия Тыңбаева, Диана Бүркеева
52 кг – Аружан Ережепова
57 кг – Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
63 кг – Самалай Ерғалиева, Дәмеля Асылханова
+78 кг – Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова
Бұл турнир Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеу кезеңіндегі маңызды жарыстардың бірі. Сондықтан спортшылар үшін жүлдемен қатар рейтингтік ұпайлар да үлкен маңызға ие.
Айта кетейік, Ұлан-Батырдағы Grand Slam турниріне Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары қатысады. Олардың қатарында Ута Абэ (52 кг), Сансширо Мурао (90 кг), Тимур Арбузов (81 кг), Инал Тасоев (+100 кг), Лука Мхеидзе (60 кг), Романе Дико (+78 кг) секілді әлемдік дзюдо жұлдыздары бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан