Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстан Grand Slam турниріне құрамын жариялады

Қазақстан Grand Slam турниріне құрамын жариялады

Қазақстан дзюдо федерациясы Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.

Турнир 19-21 маусым аралығында өтеді және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының іріктеу рейтингіне есептелетін алғашқы ұпайлар сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасы жарысқа келесі спортшыларды апарады:

Ерлер:

  • 60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Мағжан Шамшадин;
  • 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақжігіт Насыр;
  • 73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Есет Қуанов;
  • 81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Асқар Нарқұлов;
  • 90 келіге дейін: Айбол Нысанәлі, Нұржан Бисенов;
  • 100 келіге дейін: Марат Байқамұров.

Әйелдер:

  • 48 келіге дейін: Ғалия Тынбаева, Диана Бүркеева;
  • 52 келіге дейін: Аружан Ережепова;
  • 57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет;
  • 63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева, Дамеля Асылханова;
  • 78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.

Биылғы Grand Slam турниріне әлемнің 58 елінен 454 дзюдошы қатысады. Улан-Батордағы жарыс 2028 жылғы Олимпиадаға апарар іріктеу кезеңінің бастамасы болмақ.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан