12 сағат бұрын
Қазақстан Grand Slam-ның алғашқы күнінде жүлдесіз қалды
Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында дзюдодан Grand Slam сериясының кезеңі басталды. Бұл турнир 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеу кезеңдерінің бірі болып саналады.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы жүлде ала алмады.
48 келіге дейінгі салмақта Диана Буркеева жұбаныш белдесуіне дейін жетіп, испаниялық Абелинда Мартинеске есе жіберді. Осы салмақта Галия Тынбаева екінші айналымда франциялық Ширин Буклиден жеңіліп, жарысты аяқтады.
60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин алғашқы белдесуінде италиялық қарсыласына жол берсе, Аман Бақытжан екінші айналымда грузиялық Георгий Сардарашвилиге есе жіберді.
66 келіде Нұрқанат Серікбаев пен Ақжігіт Насыры 1/8 финалда жарыстан шықты. Серікбаев әзербайжандық балуанға, ал Насыр моңғол спортшысына жеңілді.
Әйелдер арасында 52 келіде Аружан Ережепова, 57 келіде Дана Абдирова мен Дина Мұханбет алғашқы кезеңдерде қарсыластарына есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан