3 күн бұрын
Қазақстандық дзюдошылар Моңғолиядағы “Гранд-Слэм” турнирінде жаппай жүлдесіз қалды
Фото:ҰОК
Моңғолияның Ұлан-Батыр “қаласында дзюдодан өткен Гранд-Слэм” турнирінде қазақстандық дзюдошылар жүлдеге қол жеткізе алмады. Байрақты бәсекеге ел намысын қорғаған 20 дзюдошы олардың ешқайсысы жүлдегерлер қатарына ене алған жоқ.
Жарысқа ұлттық құраманың бірқатар көшбасшылары да қатысты. Атап айтқанда, 60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин, 66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев, 100 келіге дейінгі салмақта Марат Байқұмар, 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева және 78 келіден жоғары салмақта Камила Берліқаш татамиге шықты.
Алайда қазақстандық дзюдошылардың басым бөлігі іріктеу кезеңінен аса алмай, жарысты ерте аяқтады.
Ұлан-Батырдағы Гранд-Слэм турнирі ерекше маңызға ие. Себебі бұл жарыс 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеу кезеңіндегі рейтингтік ұпайлар үлестірілетін басты додалардың бірі болды.
Айта кетейік, жарыс 19–21 маусым аралығында өтті. Турнирге Олимпиада және әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Олардың қатарында жапониялық Ута Абэ мен Сансиро Мурао, ресейлік Тимур Арбузов пен Инал Тасоев, франциялық Лука Мхеидзе және Романе Дико секілді әлемдік дзюдо жұлдыздары бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан