Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Қазақстандық дзюдошылардың Қытайдағы Гран-при турниріндегі қарсыластары анықталды

Қазақстандық дзюдошылардың Қытайдағы Гран-при турниріндегі қарсыластары анықталды

Қытайдың Циндао қаласында өтетін дзюдодан халықаралық Гран-при турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Олимпиада чемпионы Елдос Сметов турнирді қытайлық Сунь Цзяхаоға қарсы бастайды. Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Талғат Орынбасар алғашқы айналымда австралиялық Джошуа Катц пен поляк Ксаверий Игнасяк арасындағы кездесудің жеңімпазымен белдеседі.

66 келіге дейінгі салмақта Гусман Қырғызбаевтың қарсыласы моңғолиялық Турболд Тумурхуу болды.

73 келіге дейінгі салмақта Бахытжан Абдурахманов испаниялық Антон Шухалиевпен, ал Ерсұлтан Дүйсенхан швециялық Нарек Варданянмен кездеседі.

81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар грек спортшысы Арис Зарагкаспен, ал Әділет Алмат қырғызстандық Ратбек Жұманазаровпен күш сынасады.

90 келіге дейінгі салмақта Айдар Арапов румыниялық Влад Висанмен, Даниил Крылов жапониялық Гоки Тадзимамен белдеседі.

100 келіге дейінгі салмақта Асқар Біржановтың қарсыласы румыниялық Рареш Арсение болса, Бақжан Байтас израильдік Йосиф Симинге қарсы татамиге шығады.

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Абиба Әбужақынова әзербайжандық Шафаг Хамидовамен кездеседі.

57 келіге дейінгі салмақта Бақыт Құсақбаева түрікменстандық Медине Оразныязовамен белдеседі.

70 келіге дейінгі салмақта Ажар Асхат израильдік Аделина Новицкимен, ал Мөлдір Нарынова Солтүстік Корея өкілі Мун Сон Химен кездеседі.

78 келіге дейінгі салмақта Аруна Жаңгелдина өзбекстандық Барчиной Кодировамен, Екатерина Токарева канадалық Корали Годбутпен сынға түседі.

78 келіден жоғары салмақта Аида Тойшыбекова өзбекстандық Ирисхон Курбанбаевамен, ал Назгүл Маратова қытайлық Цзя Бинцяньмен кездеседі.

Халықаралық Гран-при турнирі әлемнің үздік дзюдошыларын жинап, спортшыларға рейтингтік ұпайлар үшін маңызды мүмкіндік береді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан