Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

19 сағат бұрын

Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирінің ширек финалында жеңілді

Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирінің ширек финалында жеңілді

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық спортшының бұл кезеңдегі қарсыласы француз дзюдошысы Энзо Жан болды. Тартысты белдесуде қарсыласы ваза-ари ұпайымен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

Дегенмен, Елдос Сметов жүлде үшін күресті жалғастырады. Қазақстандық балуан енді жұбаныш белдесулерінде қола медальға таласуға мүмкіндік алады.

Еске салсақ, Сметов турнирдің алғашқы айналымында қытайлық Сунь Цзяхаоны иппонмен жеңсе, 1/8 финалда әзербайжандық Балабей Агаевты ваза-ари есебімен ұтқан болатын.

Айта кетейік, Циндаодағы Гран-при турнирі Елдос Сметов үшін 2024 жылғы Олимпиададағы тарихи жеңісінен кейінгі алғашқы халықаралық жарыс болып отыр.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан