14 сағат бұрын
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов қола жүлде үшін белдесуде есе жіберді
Фото:ҰОК
Дзюдодан Қытайда Гран-При турнирі өтіп жатыр.
Дүбірлі додада Елдос Сметов 60 келіде ел намысын қорғады.
Отандасымыз қола жүлде үшін белдесуде ресейлік Аюб Блиевтен жеңіліп қалды.
Ол жарыс жолында алғашқы айналымда қытайлық Сунь Цзяхаоны иппонмен жеңсе, 1/8 финалда әзербайжандық Балабей Агаевтан ваза-ари есебімен басым түскен еді.
Алайда ол ширек финалда Энзо Жаннан айласын асыра алмады. Бірақ жұбаныш белдесуінде өзбек дзюдошысын ұтып, қолаға таласуға мүмкіндік алған.
Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылы Париж Олимпиадасында чемпион атанғаннан кейін араға 2 жыл салып алғаш рет ірі жарысқа шығып отыр.
Елдос Сметов 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс, 2020 Токиода қола, 2024 жылы Парижде алтыннан алқа таққан.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан