Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Дзюдодан Гран-при жарысының алғашқы күнінде ел қоржынына бір ғана жүлде түсті

Дзюдодан Гран-при жарысының алғашқы күнінде ел қоржынына бір ғана жүлде түсті

Фото:ҰОК

Дзюдодан Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при жарысының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына бір ғана жүлде түсті.

66 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абэге есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

60 келіде Елдос Сметов қола жүлде үшін өткен белдесуде ресейлік Аюб Блиевке жол берді. Елдос Сметов үшін бұл — 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы тарихи жеңістен кейінгі ұзақ үзілістен соң қатысқан алғашқы ірі халықаралық жарыс.

Ал 48 келіде ел намысын қорғаған Абиба Әбужақынова да жүлдеге іліге алмады. Ол алғашқы белдесуінде 26 жастағы әзербайжандық Шафағ Гамидоваға есе жіберді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан