Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Дзюдодан Гран-При жарысында түрікменстандық дзюдошы сенсациялық жеңіске жетті

Дзюдодан Гран-При жарысында түрікменстандық дзюдошы сенсациялық жеңіске жетті

Фото:IJF

Қытайда өтіп жатқан дзюдодан Гран-При турнирінде әйелдер арасындағы 52 келі салмақта сенсациялық нәтиже тіркелді.

Түрікменстан намысын қорғаған Майса Пардаева жарыс барысында қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, жоғарғы деңгейде өнер көрсетті.

Ол жарыс жолында жапонияның атақты балуаны, алты дүркін әлем чемпионы Момо Тамакокиді тізе бүктірді. Ал финалда француз спортшысы Марта Фавазаны жеңіп, чемпион атанды.

Түрікменстандық дзюдошы жарыс алдында фавориттер қатарында саналмаған, сондықтан бұл нәтиже күтпеген сенсация ретінде тіркелді.

«Дзюдодан бірінші орын алу – менің ең үлкен арманым еді. Бұл – халықаралық аренадағы алғашқы алтын медалім. Осы жетістік Олимпиада ойындарында бақ сынауға деген жігерімді одан әрі арттырды. Ендігі мақсатым – Олимпиада чемпионы атану», – деді спортшы.

Айта кетейік, бұл Майса Пардаеваның халықаралық Гран-При жарысындағы алғашқы алтын медалі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан