Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстандық дзюдошылар Қытайдағы жарыстың екінші күнінде жүлдесіз қалды

Қазақстандық дзюдошылар Қытайдағы жарыстың екінші күнінде жүлдесіз қалды

Фото:ҰОК

Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінің екінші жарыс күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлдеге іліне алмады.

73 келіге дейінгі салмақта Ерсұлтан Дүйсехан алғашқы белдесуінде жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Осы салмақта сынға түскен тағы бір отандасымыз Бақытжан Абдурахманов үшінші белдесуге дейін жетті. Алайда шешуші кезеңде қарсыласына есе жіберіп, турнирден шығып қалды.

81 келіге дейінгі салмақта Әділет Алмат екінші белдесуінде жеңілді. Ал Абылайхан Жұбаназар үшінші белдесуінде қарсыласына жол берді.

Әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта Ажар Асхат пен Мөлдір Нарынова татамиге шықты. Екі қазақстандық дзюдошы да алғашқы белдесулерінде қарсыластарына есе жіберіп, ерте аяқтады.

Енді Гран-при турнирінің үшінші жарыс күнінде 90 және 100 келіге дейінгі салмақтағы дзюдошылар татамиге шығады. Әйелдер арасында 78 келі және 78 келіден жоғары салмақтағы спортшылар ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, айтулы турнирдің алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына бір ғана жүлде түсті. Оны 66 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев иеленді. Ол финалда жапонның атақты балуаны, екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абэге жол берді. Нәтижесінде күміс медаль еншіледі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан