2 күн бұрын
Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогінде алтын жүлде жеңіп алды
Фото:ҰОК
Чехия астанасы Прагада дзюдодан Еуропа кубогі жалауын көтерді. Байрақты бәсекеде Қазақстан атынан 60 келі салмақта сынға түскен Шерзод Давлатов топ жарды.
Ол жарыс барысында жоғарғы деңгейде өнер көресетіп, финалға жолдама алды. Отандасымыз ақтық сында Франция елінің өкілі Ян Мотоли Бонгамбені белдесті.
Шерзод Давлатов шешуші бәсекеде қарсыласынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты.
Сондай-ақ 66 келіде ел намысын қорғаған тағы бір жерлесіміз Нұрәділ Әлжан қола жүлде еншіледі.
Айта кетейік, бұл додаға 38 елден 412 татами шеберлері қатысып жатыр. Айтулы жарыс 28 маусымға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан