2 күн бұрын
Отандық дзюдошылар Қытайдағы Гран-при турнирін аяқтады
Қытайдың Циндао қаласында (26–28 маусым) өтіп жатқан Әлемдік Гран-при кезеңінің үшінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Даниил Крылов Қытайдағы Гран-при турниріндегі алғашқы белдесуінде-ақ жеңіліп қалды.
20 жастағы Крылов жапониялық Гоки Тадзиядан есе жіберді.
Осы салмақ дәрежесінде Айдар Арапов турнирде алғашқы екі белдесуінде жеңіске жеткенімен, кейін бразилиялық Гильермо Шимиттен жеңіліс тапты.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақжан Байтас алғашқы кездесуінде Израиль өкілі Йосиф Симинге есе жіберді.
Осы салмақта Асқар Біржанов та турнирдің алғашқы белдесуінде румыниялық Рарес Арсениге жол берді.
Осылайша, Гран-при турнирінің ерлер арасындағы жарысында Қазақстаннан бірде-бір спортшы қалған жоқ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов