18 сағат бұрын
Дзюдошылар Чехиядағы Еуропа кубогында екі алтын жеңіп алды
Чехияның Прага қаласында өткен дзюдодан Еуропа кубогында Қазақстан құрамасы жарысты екі алтын, бір күміс және бір қола медальмен қорытындылады.
Жарыстың соңғы күнінде +100 келі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандықтар Ғалымжан Қырықбай мен Жантілек Нұртілепұлы өзара кездесті. Тартысты белдесуде Қырықбай жеңіске жетіп, алтын медаль иеленсе, Нұртілепұлы күміс жүлдегер атанды.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Тасним Абдуәли қола медаль үшін күрескенімен, шешуші белдесуде германиялық Хелен Хабибтен жеңіліп, жүлдесіз қалды.
Еске салайық, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов алтын медаль жеңіп алса, Нұраділ Әлжан қола жүлдеге ие болған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан