7 сағат бұрын
Айбек Имашев – Қазақстан дзюдо федерациясының Бас хатшысы
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің келісімімен, Қазақстан дзюдо федерациясы басшылығының шешімімен Имашев Айбек Әсетұлы Қазақстан дзюдо федерациясының Бас хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Айбек Имашев Маңғыстау облысында дүниеге келген. Дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 5 ДАН иегері, жоғары санатты бірінші біліктілік санатындағы жаттықтырушы. Азия және Еуропа чемпионы, Әлем кубогының күміс жүлдегері, «Grand Slam» және «Grand Prix» әлемдік турнирлерінің жүлдегері.
Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Маңғыстау облысы дзюдо құрамасының аға жаттықтырушысы, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, Маңғыстау облысы дзюдо орталығының директоры, Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2023–2025 жылдар аралығында Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры болды.
Еңбек жолында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан дзюдо федерациясының «Дзюдо тарланы» орденімен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алғыс хатымен марапатталған.
Ал Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры қызметіне Тимур Болат тағайындалды.
Аталған кадрлық өзгерістер Федерация қызметінің тиімділігін арттыруға, отандық дзюдоны дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттерді іске асыруға және Қазақстан дзюдосының халықаралық аренадағы әлеуетін одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия кубогын үздік үштікте аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан