Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстан жастары Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды

Қазақстан жастары Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды

Қазақстанның жастар құрамасы Макаода өткен дзюдодан Азия кубогын тоғыз жүлдемен аяқтады.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық дзюдошылар үш алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдені Ерхан Мұрат (60 келіге дейін), Нұрлан Исатаев (66 келіге дейін) және Архат Өтеген (90 келіге дейін) иеленді.

Күміс жүлдегерлер қатарында Абылай Алмабек (60 келіге дейін), Айымзада Думанқызы (+78 келі) және Әлішер Слямжанов (90 келіге дейін) бар.

Ал Жанаділ Абай (60 келіге дейін), Аниса Иботолла (70 келіге дейін) және Әли Тұрсынбек (90 келіге дейін) қола медальға қол жеткізді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан