7 сағат бұрын
Азия ойындарына қатысатын дзюдошылар құрамы жарияланды
Қазақстан дзюдо федерациясы 2026 жылғы Жапонияның Айти – Нагоя өңірінде өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.
Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтсе, дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығына жоспарланған.
Жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен Қазақстан құрамасының құрамы бекітілді.
Ерлер құрамасы:
- Елдос Сметов (60 кг)
- Гусман Кыргызбаев (66 кг)
- Бақытжан Әбдірахманов (73 кг)
- Алмат Әділет (81 кг)
- Айдар Арапов (90 кг)
- Марат Байқамұров (100 кг)
- Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)
Әйелдер құрамасы:
- Абиба Әбужақынова (48 кг)
- Меруерт Сәрсенова (52 кг)
- Дана Әбдірова (57 кг)
- Эсмигүл Қуюлова (63 кг)
- Ажар Асхат (70 кг)
- Екатерина Токарева (78 кг)
- Аида Тойшыбекова (+78 кг)
Осылайша, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов те Қазақстан құрамасы сапында 2026 жылғы Азия ойындарына қатысады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан