2 күн бұрын
Азия ойындарына қатысатын дзюдошылар қалай жасақталды? — Бапкер жауап берді
Фото:ҰОК
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысатын спортшылардың қалай таңдалғанын түсіндірді.
Маманның айтуынша, құрлық додасына ел чемпионатында және ішкі іріктеуде үздік нәтиже көрсеткен, сондай-ақ халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже тіркеген дзюдошылар барады.
«Құрама толық жасақталды. Тізімге өз салмақ дәрежелерінің көшбасшылары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері, Grand Slam турнирлерінде топ жарған және жүлде алған спортшылар, сондай-ақ Қазақстан чемпионаты мен ішкі іріктеу жеңімпаздары енді.
Азия ойындарында ерлер мен әйелдер арасындағы негізгі салмақтарда және Mixed Team бәсекесінде жүлдеге таласуды жоспарлап отырмыз. Бұл жарыс Қазақстан дзюдосының Азиядағы деңгейін көрсету және Олимпиадаға іріктеу кезеңінде маңызды белеске айналады», – деді Роберт Мшвидобадзе.
Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің құрамаға енуі ішкі бәсекеге қатысты талқылау тудырған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz