2 күн бұрын
Қазақстандық балуандар әлем чемпионатын 8 жүлдемен аяқтады
Фото:UWW
Бакуде 17 жасқа дейінгі балуандар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы жарысты 8 медальмен аяқтады.
Еркін күрестен Бақдәулет Ағабек 48 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Мардан Орынбасар (60 кг) мен Әділет Рысбай (71 кг) қола жүлдеге ие болды.
Грек-рим күресінде Дияр Аманәлі 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ал Әли Алмас (48 кг) күміс жүлде иеленсе, Әлинұр Төлеуғали (71 кг) қола медальға қол жеткізді.
Әйелдер күресінен Айша Әбдімәлік (65 кг) күміс жүлдегер атанды. Інжу Баққожа (46 кг) үшінші орын алды.
Осылайша, Қазақстан қоржынында екі алтын, екі күміс және төрт қола медаль бар.
Біздің серіктес: Sport12kz